
SHOWDOWN
«Шоудаунды дамыту және қолдау Ұлттық федерациясы»
Республикалық Қоғамдық Бірлестігі

Серік Жүзбай
Президент
Президент Серік Жүзбай
Жүзбай Серік – 1971жылы 12 маусымда Ақмола облыcы, Қорғалжын ауданында туған. 1994-1999 жылдары бұрынғы Астана қаласының Сакен Сейфуллин атындағы Ауыл шаруашылық университетінің «инженер механик» мамандығын оқып бітірген. 2004 – 2010 жылдарға дейін «Ата Дәстүр жолы» ЖШС-нің бастығы қызметтерін атқарады. Қайырымдылыққа жаны құмар ағамыз, көз жанарынан 1-топ ерекше кажеттілігі бар адам. Бүгінде “Қанаттылар” инклюзивті театрының - Актёры. 2010 жылдан бастап «Мирас-А» Қайырымдылық Қоғамдық қорының Президенті. Жүзбай Серік ағамыз 100-ден астам тастанды балаларды анасына қосқан мықты тұлға. Перзентханаға баланы тастатпай анасымен алып шығып, пәтер жалдап беріп, бір жылға дейін қамқорлығына алған болатын. Казіргі таңда қоғам белсендісі "Шоудоун Соқырлар үстел теннис федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі және «KOZIMNIN QARASI» Қазақстандық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің Төрағасы төрағасы.
Шоудаун соқырлар үстел теннисі республикалық федерациясы қоғамдық бірлестігі спортты қолдау қорының негізгі демеушіміз екенін мақтанышпен айтады. Спортты қолдау қоры біздің федерациямызға көп көмек көрсетті, олардың қолдауы арқасында спортшыларымыз халықаралық деңгейде табысты өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
SHOWDOWN
Showdown-бұл негізінен көру қабілетінен айырылған және нашар көретін адамдарға арналған ойын түрі. Бұл ойын негізінен аэрохоккей және үстел теннисіне ұқсас, бірақ өзіндік ерекшеліктері бар спорт түрі.
Ойын - бүйір қабырғаларының биіктігі 14 см ден тұратын және екі жағында қақпа қызметін атқаратын қалталары бар арнайы әзірленген үстелде ойналады. Доп үстелдің дәл ортасында орналасқан орталық тақта экранының астынан өтуі қажет. Тақтайды бетіне соқтыққан немесе үстінен өткен жағдайда ереже бұзылған болып саналады.
Ойыншылар өз қақпаларын қорғап, қарсыластың қақпасына гол соғуға тырысуы қажет. Ішкі бөлігінде сылдырмағы бар, пластикалық доп соққы барысында қолды жарақаттауы мүмкін… Сондықтан ойыншылар қолдарына қорғаныс қолғаптарын киюі керек.
Көру қабілет қалыпты немесе әлсіз көретін жандар мен мүлдем көрмейтін азаматтар тек екі тараптың мүмкіндіктерін теңестіретін арнайы павязка немесе көзілдірік кигізілген жағдайда ғана бірге ойнай алады.
Бұл ойын бүкіл әлемде ойналады, әсіресе Канадада, Оңтүстік Америкада, Скандинавияда және Шығыс Еуропада кең таралған. Showdown-Зағиптар мен нашар көретіндерге арналған бәсекеге қабілетті спорт түрі.

Жаңалықтар
Қазақстандық Шоудоун үстел теннисі халықаралық аренаға жолдама алды
Бине материял - QAZAQSTAN.TV
«(Шоудаун) Соқырлар үстел теннис федерациясы» РҚБ 2024 жылғы 4-6 қазан күндері аралығында Астана қаласы «Аспан» спорт кешенінде «Мүгедектер күніне» орай, бекітілген жылдық күнтізбелік жоспарға сәйкес, көз жанарынан ерекше қажеттілігі бар жандар арасында, SHOWDOWN үстел теннисінен әйелдер және ерлер арасында, сонымен бірге алғашқы рет командалық түрі бойынша Республикалық чемпионаты сәтті өткізілді. Чемпионатқа Астана мен өңірлерден келген 12 команда және 42 зағип жанды спортшы қатысты.
Чемпионат аясында арнайы Ресей Федерациясынан келген маман «Соқырлар спорт федерациясы» Жалпы Ресейлік Қоғамдық дене шынықтыру спорт ұйымының президиум мүшесі және Вице-Президенті Дьяконов Максим Валерьевич мастер-класс, семинар-тренинг өткізді. Төрешілер алқасымен өте пайдалы тәжірибе алмасу, тестілеу жүргізіп соңында «(Шоудаун) Соқырлар үстел теннис федерациясы» РҚБ тиісті сертификаттар табыстады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы құрама командасы мүшелеріне арнайы мастер-класс өткізілді және Ресей Федерациясында болатын ашық турнирлерге және жолдастық кездесулерге шақыру алынды. Әрі қарай ынтымақтастық болатынына сенім білдірілді.
Чемпионат өткізуге қолдау көрсеткен Астана қаласының тиісті мемлекеттік органдары мен мекемелеріне, «Бёмер Арматура Казахстан» ЖШС, «Әсіп» орталығы демушілеріне және Федерацияның Басты серіктесі «Sport qory» Корпоративтік қорына үлкен алғыс білдереміз.
Тарихта алғашқы рет, былтырғы чемпионат қорытындысы бойынша жасақталған Қазақстан Республикасы құрама командасы, «Sport qory» Корпоративтік қордың қолдауымен 2024 жылғы 13-19 қарашада (SHOWDOWN) үстел теннисінен Швейцарияда болатын «Zurich Open» халықаралық ашық чемпионатына аттанатын болды.

Біздің Серіктестер:
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
Жұмыс кестесі
Дүйсенбі:
09:00 - 18:00
Сейсенбі:
09:00 - 18:00
Сәрсенбі:
09:00 - 18:00
Бейсенбі:
09:00 - 18:00
Жұма:
09:00 - 18:00
Сенбі
демалыс
Жексенбі
демалыс
Байланыс:
эл. почта
















